Брендтер

Сауық
Fame City

«Хан Шатыр» СОО үлкен ойын орталығын бәрі де біледі, ол « FameCity» деп аталады. Бұл ойын кешенінде 200-ге жуық ойын аппараты, Динозаврлар паркі, қорқыныш бөлмесі, балалар дәмханасы мен құрғақ бассейні бар балалар бөлмесі, интернет кафе және т.б. бар. Біздің басты мақсатымыз— қонақтарды көңілді және қауіпсіз демалыспен қамтамасыз ету. Сондықтан қондырғыларды тексеру және қызметкерлерге нұсқаулық беру ұдайы жүргізіледі, ал біздің сақ күзетшілеріміз демалушылардың тыныштығын қорғайды. Орталықтың негізгі міндеті бүкіл отбасыға жақсы көңіл күй сыйлау ғана емес, сонымен қатар, келушілердің абсолюттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

3-қабат

11:00 - 21:00

+7 (717) 257-27-50

Динопарк

Одан әрі Юра дәуіріндегі «Динопарк» саябағы туралы мақтанышпен әңгімелейміз. Мұнда жер шарының түкпір-түкпірінде біздің заманымызға дейін тіршілік еткен динозаврдың 9 түрі бар. Шөпқоректі жыртқыштардың көлемі – түпнұсқаларға сәйкес келеді. Экскурсовод әрбір динозавр туралы егжей-тегжейлі айтып береді. Бұл барша Азиядағы жалғыз "Динопарк". Осындай парктер Қытайда және Еуропада бар.

Монорельс

«Хан Шатыр» СОО аттракциондарының ішінен “Монорельсті ” ерекше атап өту керек – шағын вагондар жүретін ұзындығы 500 м бір рельсті темір жол. Ол жоғары қабат деңгейінде орналасқан және 2 шеңберді құрайды. Аттракционның бұл түрі барлығына бірдей жарайды. Тек жайғасып, «Хан-Шатырды» түгелдей қарап шығыңыз. Саяхат барысында көз алдыңыздан бірнеше инсталляция өтеді – қызықты ғарыш мекендеушілері, тарихқа дейінгі әлем, қазыналар аралында теңіз қарақшыларының қазынасын іздеу. Сонымен қатар… Аздап жұмбақ жасырайық, осында келіп, өз көзіңізбен көріңіз! Бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы бірегей аттракцион екенін айта кеткеніміз жөн.

Құлайтын мұнара

Жоғары жылдамдықпен жоғарыдан құлап көрдіңіз бе? Жоқ па? Олай болса, біз Сіздерге осындай мүмкіндікті ұсынамыз, адреналин сезініп көріңіз. Көпшілік күмбезді тамашалаған уақытта күтпеген жерден жоғарыдан креслолар жылдамдықпен төмен қарай түседі. «Құлайтын мұнара» аттракционы келушілер үшін күн сайын қызмет етеді. Орындар саны - 12, мұнараның биіктігі - 38 метр.

Алтын шахта

Назарларыңызға қызықты да тартымды жаңа "Алтын шахта" аттракционын ұсынамыз! Америкалық асулар мен қазына іздеу сіздің саяхатыңызды ұмытылмастай етеді. Батыл да ержүрек алтын іздеушілерімізді "Хан шатыр" СОСО 5-қабатында асыға күтеміз.

Құбыжықтарды аулау

Ең қорқынышты жан түршігерлік көрініс көргіңіз келе ме? Өзіңді қорқынышты фильмнің кейіпкері болып сезінгің келе ме? Өзіңмен бірге қайсар достарыңды алып, басқа әлемнің бүкіл қорқынышын сезіну үшін, біздің қорқыныш бөлмесіне келіңіз. Сізді жан түршігерлік көрініс пен қорқыныш, алуан түрлі эмоциялармен сезімдер күтеді. Жүйкеңізді қытықтап, өзіңіздің шыдамдылығыңызды тексеру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Әлі бізге келуге батылдығы жетпегендерді күтеміз. "Елестерді аулау" қорқыныш бөлмесі өзінің батыл келушілерін "Fame city" ойын орталығында күтеді.

Жұмсақ аймақ

Өмірдегі жасалған алғашқы ерлік төбелерден сүрінбей өту және ата-аналардың өмірдегі алғашқы ерлігі үшін мақтан тұтатын көзқарастары – бұл алғашқы қуанышты сезім мен жеңіс дәмі. Сондықтан балалар алаңы, әр баланың өмірінде маңызды орын алады. Мұндай алаңдарда балалар әртүрлі жағдайларға бейімделеді, жаңа достар табады, қарым-қатынас орнатады, кішігірім жанжалдардың шешімін табуға үйренеді. Ендеше балаларыңызға өзбетінше біздің «Жұмсақ аумақта» дағдылануға мүмкіндік беріңіз!

Су аттракционы

Бұл аттракционда өзіңізді тау өзенімен жүзіп келе жатқан нағыз үндіс болып сезінесіз. Бүкіл отбасыға арналған жағымды аттракцион. Жұмсақ толқындардың лебімен сырғанап түсіп, сылдарлаған суы құлаққа жағымды әсер беретін бұл аттракцион жаздың аптап ыстығында таптырмас дүние. Осы уақытқа дейін келушілер арасында ерекше орын алған. Келіңіз! Көріңіз! Баға беріңіз!